Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты, бұл бүгінге дейін GGG-де қалған жалғыз белбеу еді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы бүгін, 14 маусымда, Халықаралық бокс ұйымы хабарлады. IBO президенті Эд Левин орта салмақтағы атақ қазір бос екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан болатын. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шеберінің әлем чемпионы деген атағы жоқ.