Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жылдың үздік жекпе-жегіне үміткерлерді жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жек де енді. Онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен «Канело» жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ, тізімде Джермелл Чарло — Брайан Кастаньо, Хуан Франсиско Эстрада — Роман Гонсалес, Эррол Спенс — Йорденис Угас, Себастьян Фундора — Эрик Любин, Кенширо Тераджи — Хирото Киогучи арасындағы жекпе-жектер де бар.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) – WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы