Понедельник, 25 ноября, 2024

Германияда Абай үйі ашылды

Қазақстанда туып-өскен немістер Германияда Абай үйін ашты. 20 жыл бұрын тарихи Отанына оралған қазақстандық неміс ұлтының өкілдері Залах қаласында «Қазан»деген атпен қауымдастық құрған. 100-ден астам мүшесі бар ұйым қазақтың мәдениеті мен өнерін насихаттап келеді, деп жазады ARDA-AKPARAT.

Ауласына киіз үй тігіп, қазақтың салт-дәстүрін немістерге паш етіп жүрген жерлестеріміз енді ұлы Абайдың шығармашылығын көпшілікке кеңінен танытпақ.

«Абай үйі — Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени көпір болады деген үміттеміз. Абай — ұлы жазушы. Оны әлем жұрты білуі тиіс. Біз Қазақстанда туып-өстік, ол біздің Отанымыз. Туған жеріміздің жылдан-жылға көркейіп, дамығанын көріп, қуанып отырамыз. Болашақта елімізге қаржы құйып, кәсіп ашқымыз келеді», — деді «Қазан» қазақ қауымдастығының төрағасы Валерий Оствальд.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған