Голливуд Ресейге үлкен экрандарға арналған фильмдердің пираттық көшірмелерін сатқандарды анықтады. Аты аталған елдердің қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мұнда 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан екі сенсациялық фильм – «Барби» және «Оппенгеймер» туралы сөз болып отыр.
«Голливуд оларды су таңбалары бойынша анықтады (су таңбасы – мөлдір жазу, шағын графика және авторлық құқықты қорғайтын логотип). Су таңбасын дистрибьютор фильмдердің көшірмелерін кинотеатрларға беру кезінде қояды», — деді екі ірі кинотеатрдың және кинопрокат компаниясының топ-менеджерлері.
Айта кетейік, 21 шілде күні әлемдік прокатқа шыққан голливудтық «Барби» мен «Оппенгеймер» атты туындылар Ресей кинотеатрларында көрсетілмейді. Ең ірі шетелдік кинокомпаниялар – Walt Disney Company, Sony Pictures, Warner Bros, Paramount және Universal Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін Ресейдегі қызметін тоқтатқан еді.