Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының Ақсай филиалында қар барысы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Видеодағы кадрдан қар барысының ағаштардың ортасында аяңдап кетіп бара жатқанын көруге болады.
Іле-Алатау ұлттық саябағының мамандары ілбістің ұлттық саябақ аумағын бұрыннан мекен ететінін айтты.
«Ұлттық парктің ғылыми-зерттеу қызметкері мен Ақсай филиалының аңтанушы-биолог маманы 05.12.2022 ж. бастап Ақсай филиалында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай Ұлттық парк пен Зоология институты арасында ғылыми әріптестік келісімшарты негізінде жұмыстар атқарылады», – делінген хабарламада.
Ақсай сайындағы адамдарға жақын мекендеп жүрген ілбіс мемлекеттік инспекторлардың қадағалауында.
Соңғы мәліметтер бойынша, қазір елімізде 140-180-ге жуық қар барысы мекендейді.