Четверг, 28 ноября, 2024

Илон Масктың компаниясы адам миына микрочип орнатуға рұқсат алды

Илон Масктың ми чипін жасайтын Neuralink компаниясы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан адамға жасалатын алғашқы сынақтарды өткізуге рұқсат алды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Neuralink өзінің микрочиптері арқылы миды компьютермен байланыстырып, сал болып қалған адамдардың қозғалысын және көзі көрмейтіндердің жанарын қалпына келтіруге ниетті.

Компания өз мәлімдемесінде сынақтарға қатысушыларды жинауды әлі жоспарламағанын атап өтті. Neuralink компаниясының рұқсат алуға арналған алдыңғы өтінімі қауіпсіздік себептеріне байланысты қабылданбаған.

Маймылдарда сыналған чип мидан тарайтын сигналдарды түсіндіруге және ақпаратты Bluetooth арқылы құрылғыларға жіберуге арналған.

Өзінің Twitter-дегі ресми аккаунтында Neuralink «біздің технологиямыз бір күні көптеген адамға көмектесуге мүмкіндік беретін маңызды алғашқы қадам» туралы хабарлады.

«Бұл – Neuralink командасының аталған басқармамен тығыз ынтымақтастықтағы керемет жұмысының нәтижесі», — делінген компания мәлімдемесінде.

Компанияның веб-сайты «қауіпсіздік, қолжетімділік және сенімділік» басты басымдықтар болатынына сендіреді.

2016 жылы Маск негізін қалаған компания жоспарларын бірнеше рет өзгертті. Оның бастапқы мақсаты 2020 жылы адам миына чиптерді енгізуді бастау болды. Кейінірек компания 2022 жылы жұмысқа кірісуге уәде берді. Өткен желтоқсанда компания жануарлар құқығын бұзу туралы тергеу басталғаннан кейін тағы бір сәтсіздікке ұшырады.

Neuralink-тің АҚШ билігінен алынған адамға эксперимент жүргізуді мақұлдау туралы хабарландыруы швейцариялық зерттеушілердің ми импланттарын қолданудағы осындай серпіліс туралы соңғы жаңалықтарынан кейін пайда болды. Айта кетсек, сал ауруына шалдыққан нидерландық азамат табаны мен аяғына сымсыз жіберілген имплантаттар жүйесінің арқасында, яғни тек ойлау арқылы жүріп-тұра алды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған