Вторник, 26 ноября, 2024

Илья Ильин екінші рет үйленді

Қазақстандық танымал ауыратлет Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Спортшының таңдауы елордалық кәсіпкер Татьяна Гордиенкоға түскен. Ерлі-зайыпты 12 қаңтарда Астанада үйленді.

«Махаббатыма, өмірімнің бақытына, ең жақсы жігітке «иә» деп жауап бердім», — деп жазды Татьяна Гордиенко әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік Илья Ильин үшін бұл екінші неке. Осыған дейін Қазақстан құрамасының гандболшысы Наталья Кулаковаға үйленген. Алайда олар 2017 жылы ажырасып кеткен болатын. Олардың Милана есімді қызы бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған