Понедельник, 25 ноября, 2024

Инвестор еліміздің заңына бағынуы керек

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында -неркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртаудың» орнына басқа инвестор әкелу қаншалықты мүмкін екенін айтып берді.

«Инвесторды ауыстыру – бұл бір инвестордың өз орнына басқа инвесторды әкелу еркі. Біреу кетіп, өз үлесін басқа бір тұлғаға беру керек.  Мемлекет жұмыс істеп жатқан тосын жайттар жетерлік. Осы жұмыстар біткен кезде кәсіпорынға сол жұмыстардың қорытындысының әсері болады деп ойлаймын», — деді ол.

Министр инвестор елімізде жұмыс істегісі келсе, заңға бағынуы керектігін атап өтті.

«Жауапкершілік тұрғысынан елімізде көп жұмыс жасалып жатыр деп ойлаймын. Адамдардың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, құзырлы органдар тергеп, тексеріп жатыр. Бұрын болған оқиға туралы пікір білдіре алмаймын. Жақында адам қазасы тіркелген тосын оқиға бойынша қозғалған іс қазір тергеу сатысында тұр. Тергеу барысына пікір білдірмеймін», — деді Қанат Шарлапаев.

ARDA -Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған