Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Әзірбайжан елшісімен кездесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Марат Ахметжанов Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоғлановпен кездесугеде қылмыспен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ іс-шара барысында Әзірбайжан елшісі осы елдің ІІМ-нің Қазақстандағы өкілі Анвер Зохраббейлиді таныстырды.
Бұдан басқа, тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын нақтылады. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.