Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони 87 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Corriere della Sera-ға сілтеме жасап.
«Сильвио Берлускони бүгін Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында қайтыс болды. Бұрынғы премьер-министр, «Алға, Италия» партиясының жетекшісі және Mediaset телеарнасының негізін қалаушы 86 жаста еді», — деп жазады газет
Берлускони-итальялық мемлекет қайраткері және кәсіпкер. Ол төрт рет Италия министрлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды және Италия Республикасының премьер-министрі болған уақыт бойынша рекордқа ие.
Сондай-ақ саясаткер Еуропа елінің үкіметін басқарған алғашқы миллиардер болды.
1986 жылдан 2016 жылға дейін Берлускони Милан футбол клубына иелік етті. 2005 жылы Forbes тізімінде кәсіпкер 12 миллиард доллармен 25-ші орынға ие болды.