Среда, 27 ноября, 2024

Израильде 2500 жыл бұрынғы парсы қаласы табылды

Израиль археологтері 2500 жыл бұрынғы көне парсы қаласын тапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Израильдің солтүстігіндегі Жерорта теңізі жағалауындағы қазіргі Нагария қаласының аумағында орналасқан үйінділерден ғимарат пен көшелері, сауда және өндіріс аймағы бар, діни орындар мен үлкен қоймасы бар адамдар тұрған аудандар анықталды. Археологтердің сөзінше, алыс елдерден ежелгі теңізшілер – финикиялықтар әкелген керамика тостақтар, құмыралар, амфоралар мен басқа да заттар табылған.

Олар сол кезеңдерде Парсы империясы мен ежелгі Грекияның қарым-қатынасы шиеленіскеніне қарамастан, қала тұрғындары Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі теңіз саудасында негізгі орында болған финикиялықтар арқылы Грекиямен сауда қатынасын жасаған.

Сондай-ақ зерттеушілер қала тұрғындары құрылыс туралы білім мен технология алмасып отырғанын анықтаған.

Археологтардың сөзінше, қаланың мәдениеті жан-жақты болған. Онда қарапайым парсылық басқару жүйесі мен грек қалаларының мәдениеті әсер еткен технология да бар.

Мысалы, өнеркәсіптік аймақта табылған сұйықтықты қайта өңдеуге арналған сыланған бөлме бетон төсеу технологиясымен салынған. Мұндай әдіс парсы кезеңінде кең таралмаған еді, бірақ кейінгі кезеңдерде Грекиямен қарым-қатынас әсерінен пайда болды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған