Четверг, 28 ноября, 2024

Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды

Әділет министрлігі Jusan тобының Қазақстаның құзіретіне қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Министрлік мәліметінше алдын ала жоспарланған әрекеттер негізінде 2021 жылы құрамында Jusan Bank және телекоммуникация мен ауыл шаруашылығы саласындағы ірі активтері бар Jusan тобы шетелдің құзіретіне өтіп кеткен.

«Қазақстан үкіметі топты басқару мүмкіндігінен айырылды. Қазақстан Республикасының әділет министрлігі өзге мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдаған шаралар нәтижесінде Jusan тобын Қазақстанның құзіретіне қайтару мүмкін болды. Тиісті құжаттарға қол қойылды», – делінген ақпаратта.

Алдағы уақытта Jusan Қазақстан заңнамасына сәйкес Үкімет пен өзге де құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейді.

«Jusan Bank әрі қарай қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыру міндеттемесін мойнына алды. Бұған дейін мемлекеттен алған көмек мерзімінен бұрын қайтарылады», – деп қосты министрлік өкілдері.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған