Екінші орта салмақ дәрежесіндегі абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақ әніне билеп жүріп жаттығу жасады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Видеоны Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Әлемге әйгілі боксшы, абсолютті чемпион, біздің серіктесіміз Сауль (Канело) Алвареспен бірге өткізген дайындық біздің жігіттер үшін мол тәжірбие болды. Жаттығудағы әр сәт пайдалы әрі қызықты өтті. Танымал былғары қолғап шеберімен бір залда дайындалу екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың артуына сеп болды. Канело қазақ елі мен өнерін қатты құрметтейді. Әсіресе қазақ әндерінен керемет әсер алып, билегенді жақсы көреді. Бұл сол сәттен үзінді”, — деп жазды спортшылар.
Видео промоушн боксшылары өткен жылы Альвареспен бір залда жаттығу жасау кезінде түсірілген. Онда спортшылар «Тойға шашу» әніне билеп жатыр.