Понедельник, 25 ноября, 2024

Кәсіпкерлерге «субсидия әперем» деп, 5 миллион теңгені қалтаға басқан

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамды ұстады. Тергеушілердің айтуынша, ол жергілікті кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп 5 миллион теңге алып, хабар-ошарсыз кеткен.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне үш кәсіпкер хабарласқан. Олар танысы бизнесті дамытуға мемлекеттен тегін субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрғанын айтып шағымданған.

«Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен», – дейді полиция қызметкерлері.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан. Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті табылып, қамауға алынды. Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған, ал кәсіпкерлерден алған ақшасын несиесін өтеуге жұмсаған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған