Четверг, 28 ноября, 2024

Катонқарағай ауданында өрт шықты А

Шығыс Қазақстанда биік тауда өрт шықты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатыр.

Жедел түрде Казавиаорманкүзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өртсөндірушілерді жеткізді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өртсөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған