Келесі жылдан бастап елімізде ҰБТ тапсыру кезінде жаңа тыйым пайда болуы мүмкін. Енді оқушылар сынаққа өздерінікі емес арнайы сол жерде берілетін қаламдармен ғана кіре алатын болады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мектеп түлектеріне қаламсаппен тестілеуге келуге тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша қалам арқылы көп оқушы шпаргалка кіргізуге тырысады.
«Түлектердің көпшілігі шпаргалкаларды қаламсапқа жасырады. Осыған байланысты біз келесі жылы ҰБТ кезінде аудиторияда қалам тарататындай шешім қабылдағымыз келеді», — деді Емелбаев.
Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығы директорының айтуынша, бір талапкер емтиханға өткізуге рұқсат етілген дәрумендерге формулалар жазып алып кірген. Тағы біреуі пиджак қалтасына смартфонын жасырып, ол жерге кесінді жасаған.
Руслан Емелбаев соңғы жылдары мұндай жағдайлардың азайғанын да атап өтті.
«2020 жылдан бастап тыйым салынған зат табылса, талапкерді тестілеуге жібермейтін ереже қабылданғанын қайталаудан жалықпаймыз. 2020 жылға дейін бұл ереже болған жоқ. Статистика бойынша 2019 жылы 102 000 талапкер ҰБТ тапсырса, тармақ саны 128 мыңды құрады! Биыл кіре берістен 402 тыйым салынған зат тәркіленді», — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.