«Хабар 24» телеарнасының директоры Айгүл Әділова қызметінен кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Құрметті достар! Екі жылдан кейін телевизия саласында жүргеніме 20 жыл толады. Соның 8 жылы «Хабарда» өтті. Тілшіліктен бастадым, жүргізуші болдым, ақпараттық бағдарламалар дирекциясына жетекшілік еттім. Соңғы жылда «Хабар24» арнасының директоры қызметін атқардым. Бұл қызметтен кетіп жатырмын», — деп жазды А.Әділова Facebook-тегі жеке парақшасында.