Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
IІ дәрежелі «Достық» орденімен:
1. Ким Гера, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Азия зерттеулер институтының директоры;
2. Ким Константин Станиславович, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы.
«Құрмет» орденімен:
1. Бугинас Бронислав Казисович, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі;
2. Микаелян Наринэ Гамлетовна, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.
«Шапағат» медалімен:
1. Кан Алина Александровна, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы;
2. Останькович Дмитрий Валерьевич, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы;
3. Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі.
Сонымен қатар Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.