Понедельник, 25 ноября, 2024

Киіктерді тәлімбақта зерттеуге 750 млн теңге бөлінбек

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті киітерді тәлімбақта өсіріп зерттеуге 750 млн теңге сұрап отыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алдағы үш жылда киіктердің популяциясын ғылыми деңгейде зерттеу үшін университет базасындағы тәлімбақта мыңнан астам киі өсіру жоспарланып отыр. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің бас сарапшысы Асқар Абдрахманов осы мәселеге арналған брифингіде аталған жобаға қанша қаражат керек екенін айтты.

«Бізде ғылыми-техникалық бағыттағы қаржыландыруға өтінім берілген болатын. Сол өтінім мақұлданды. Енді бюджетті нақтылау кезінде, наурыз айында бұл ақшалар қарастырылады. Жылына 250 млн теңге, сонда үш жылға 750 млн теңге бөлу көзделіп отыр», — деді сарапшы.

Бұған дейін жазғанымыздай, аталған мақсатқа биыл көктемде 1815 киіік лағын қолға үйрету жоспарланып отыр.

«Қазір аң аулау обьектілері болып есептелетін жануарларды алып қою лимиті бекітіліп жатыр. Сонда ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелерінің өтінімдері бойынша биыл 1815 бас киікті алу көзделіп отыр. Киіктер ғылыми зерттеу мақсатымен ғана алынады. Жәңгір хан атындағы агротехникалық университетінде 2012 жылдан бері тәлімбақ жұмыс істеп тұр. Соның базасында киіктерді қолдан өсіру және жартылай еркіндікте ұстау жұмыстарын жүргізеді», — деді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған