Среда, 27 ноября, 2024

“Кім баласын жаман болсын дейді?” Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған баласы жайлы айтты

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов әйелге қол көтерген тағы бір баласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ата-ана ретінде кім баласын жаман болсын дейді? Бұл бір. Әкежан ересек адам, сондықтан бұл істі өздері шешеді, — деді депутат.

Журналистердің «әке ретінде балаларыңызға кеңес айтасыз ба?» деген сұрағына «әрине» деп жауап берді.

Бұл ересек адамның жеке шаруасы. Мен бұл жаңалықты қазір сізден естіп тұрмын. Бұл туралы білген жоқпын, — деді Тұрлыханов.

Айта кетейік, желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тарады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған