Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің анасы Бибігүл Забикулинамен кездесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Батырдың отбасындағы нәзік жандарды құттықтай отырып, өңір басшысы Асқардың ақмолалықтардың жүрегінде мәңгі қалатынын атап өтті.
«Сіздің ұлыңыздың есімі, батылдық, адалдық сияқты қасиеттермен байланысты. Біз оның жерімізде өскенін, оқығанын мақтан тұтамыз. Сізге әрқашан көмектесуге дайынбыз», — деп атап өтті Е. Маржықпаев.
Сондай ақ облыс әкімі жақын арада Көкшетауда ескерткіш орнатуды ұсынды.
Айта кетейік, Бибігүл Забикулина 4 баланың анасы. Оның ортаншы ұлы Забикулин Асқар 2022 жылғы 16 қарашада Астана қаласында өрт кезінде адамдарды құтқаруға қатысқан өрт сөндіруші, алған күйіктерінен 20 қарашада ауруханада көз жұмды. Қайтыс болғаннан кейін I дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жыл Батыры» номинациясы бойынша «Алтын Адам» сыйлығымен марапатталған. Елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі берілді.
Өрт сөндірушінің артында әйелі мен екі баласы қалды.