Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызы Осман қазақ халқына алғысын білдірді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Көкте Құдайға, жерде қазақ халқына алғыс айтамын. Алғыс сөзінің өзінің мағынасы кең, оны ұққанымыз абзал. Қазақстандағы салт-дәстүрімізді, ұлттық болмысын сақтап қалуға жасалған жағдай ешбір елде жоқ. Ассамблея жанынан мектептерде әр ұлт өз ана тілінде білім алып жатыр. Соның барлығын Қазақстан қаматамасыз етіп отыр. Осыған қайтарым болу керек. Құдайға шүкір, барлығы бар ғой. Тек кемшін қалып жатқан мемлекеттік тіл мәселесі. Қазақ тілін кемсіткен адамның қолында өлуге бармын»,- деді Асылы Осман.