Көктемгі мейірімділік апталығы – еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық акция. Акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Республикалық акция аясында бүкіл ел бойынша 20 өңірлік «Birgemiz» фронт-офистерінің, сондай-ақ волонтерлер ұйымдарының қатысуымен қария адамдарға, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сондай-ақ ЗОО баспаналарға көмек көрсету, эко сенбіліктер, ағаш отырғызу және т.б. іс-шаралар жоспарланған.
«Көктемгі мейірім апталығы» – баршамызды елімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға бей-жай қарамауға шақырады. Біздің әрқайсымыз елдің дамуы мен өркендеуіне жолында өз үлесімізді қосуымыз керек», — деп атап өтті республикалық волонтерлер фронт-офисінде.
Волонтерлік акцияның жоспарымен Qaznolunteer.kz бірыңғай платформасында таныса аласыздар; немесе «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің +7 708 706 42 42 нөміріне хабарласуға болады.
«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.