Понедельник, 25 ноября, 2024

Көлік жүргізу мәдениеті төмен, тәртіп жоқ

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.

Үкімет басшысы биыл жол-көлік оқиғалары мен зардап шеккендердің саны біршама төмендегенін атап өтті.
Бірақ жол үстінде күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады.

«Әр цифрдың артында қаншама жанның өмірі мен денсаулығы тұр. Өкінішке қарай, бізде  көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі өте төмен. Біз жолдағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып келеміз. Соған қарамастан, полиция  жол бойында мас күйде рөлге отырған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған  мыңдаған жүргізушіні ұстайды. Әрине, мұндай заң бұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-Министр жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырып отырғанын атап өтті.
«Әлі күнге дейін елді-мекендерде жарығы, жаяу жүргіншілер өтетін жерлері мен бағдаршамдары жоқ жол учаскелері кездеседі. Осының бәрі қайғылы жағдайларға, оның ішінде балалар арасындағы өлім-жітімге әкеп соғуда. Сондықтан, жол қауіпсіздігін арттыру, жол апаттары мен өлім-жітім деңгейін азайту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу біздің басты міндетіміз», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Үкімет басшысы әрбір өңір бөлінісінде жол апаттарына жан-жақты талдау жүргізуді және жол апаттары жиі болатын учаскелерде жол қозғалысын қадағалауды күшейтуді тапсырды.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған