Четверг, 28 ноября, 2024

Колонияға телефон өткізбек болған күдікті ұсталды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеге шұжық ішіне телефон жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды. Телефонды шұжықтың ішіне жасырған әйел, оларды бандероль арқылы жіберген. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. LG-D690 маркалы ұялы телефон тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша материал жиналып, әйел адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған