Ақын, сазгер Арман Қайназаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Композитордың неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек айтылмады. Фейсбук қолданушылары Арман Қайназаровтың “Шаңырақ” ықшам ауданында “Бақытжан” кафесінде соққыға жығылғаны туралы жазды.
Бұған дейін қоғамда Қайназаровтың үйсіз-күйсіз далада қаңғырып жүргені көпті алаңдатты. Ол Ұлықпан Жолдас, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әртістердің әндерінің авторы.