Понедельник, 25 ноября, 2024

Конституциялық Сот аппаратының басшысы тағайындалды

Зере Өтебаева Конституциялық сот аппаратының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Зере Өтебаева 1969 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Мәскеу экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1999-2001 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған;

2001-2008 жылдар аралығында — Комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті хатшылығының консультанты, заңнама бөлімінің бас консультанты, басқарма басшысының орынбасары;

2008 жылғы қаңтардан 2016 жылғы сәуірге дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметінде болған;

23 қазаннан бастап ол Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы болған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған