Бұл туралы танымал әнші Дастан Оразбеков «Хабар» телеарнасындағы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әнші жуырда Алматы қаласында 25 жылдағы алғашқы концертін өткізген болатын.
Осы концерттің арқасында өзімнің ойымды өзгерттім. Ол — 25 жылдық тәжірибемдегі алғашқы әрі маңызды өзгерістердің бірі. Себебі сахнаға шыққан сайын «әнші көрерменге қалай өнер көрсетуі керек?» деген оймен шығатынмын. Осы концертімде мақсатыма жетіп, көрерменнің көңілін көтере алдым деп ойлаймын, — деді Оразбеков.
Әнші 3 сағатқа жуық уақыт бойы жанды дауыста ән шырқап, би билеп, бар өнерін көрермендері алдында паш еткен.
Концертімде 27 номер болды, оның біреуі де менсіз өткен жоқ. 3 сағат концерт беру оңай емес екенін түсіндім. Концерттен кейін әлімнің кеткенін сездім. Ал кеш аяқталғанша, күш-қуатымның тасып тұрғанын сезген едім, — деп бөлісті Дастан Оразбеков.
Дайындықта кейбір қиындық туындап, тіпті барлығын тоқтатқысы да келген.
Оған себеп – қаражаттың жетіспеушілігі. Жай концерт емес, шоу-концерт көрсеткім келді. Халық құлақ құрышын қандырып қана емес, көзімен де тойса екен деген ниет болды. Көрерменнің көңілінен шыққым келді. Шоу болуы керек. Концертке 57 миллион теңге қаражат жұмсалды, — деді Дастан Оразбеков.