Четверг, 28 ноября, 2024

«Көпен келе жатыр!..» кітабының түсаукесері өтті

Елордада Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бестомдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Сатирик Көпен Әмірбек көзі тірі болса 73 жасқа толар еді. Қазақта “жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді” деген тәмсіл бар. Осы тұрғыда жазушы-сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің өзі жазып қалдырған “Көпен келе жатыр!…” атты 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне Бердібек Сапарбаев, Жарылқап Бейсенбай, Дархан Мыңбай, Нұртөре Жүсіп, Бауыржан Омаров, Дихан Қамзабекұлы және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар қатысты.

Шараның ашылу рәсімін журналист Шархан Қазығұл жүргізіп, Көпен Әмірбектің сатирасы жайлы ойын айтты.

Көпен ағаны көзі тірісінде көргенімде, өзім Аристотелдің бас-сүйегін көргендей боламын. Қолына қалам алғандар сатирик бола алмайды. Ол оңай емес. Сатирик болу үшін жартылай философ болу, философ болу үшін жартылай сатирик болу керек деп ойлаймын. Ақиқаттың барлығы филлсофияда. Сол философияны, ақиқатты айту үшін сатирик болу міндетті. Осы тұрғыдан алғанда Көпен Әмірбек қазіргі заманғы қазақ әдебиетінде ерекше алатын қаламгер деп айтуға болады, — деді Шархан Қазығұл.

Халықтың белгілі азаматы, артында із қалдырған Көпен Әмірбек «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, «Білім және еңбек», «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы болып қызмет істеген.

Шара барысында келген қонақтар естелігімен бөлісті.

Осы 5 томдық шықты деген кезде таң қалғаным рас. Себеі қай уақытта жазып үлгерген деп ойладым. Юмор бар жерде адамның жасампыздығы көрінеді. Осы тұрғыдан қарағанда Көпен Әмірбек өткен ғасырдың 70-80-90 жылдарында қазақ мәдениетінде елеулі рөл атқарған. Халқымызға ежелден тән қалжыңды, өткір сөзді, сын-ысқақты жаңа бір биікке көтерген. Оспанханның даңқты дәстүрін жалғастырған жұлдызды ізбасары. Көпенді анық мойындаудағы тиісті дүние оның есімі,- деді Сауытбек Абдрахманов

Әр жылдары жарық көрген «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Неменеңе жетісіп күлесің?», «Өзіңді танисың ба?», «Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін», «Көкемнің көзі», «Із», «Па, шіркін, пародия», «Жұма сәлем», «Жігіттер жиыны» атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танылған кітаптары бар.

«Көпен келе жатыр!..» атты 500 данамен шыққан кітаптың бірінші томы сатира жөнінде болса, екінші томы Көпен Әмірбектің сұхбаттары , үшінші-төртінші томында «Жол жөнекей» атауымен жазған шығармалаары мен бесінші томы «Фотоальбом» болып жарыққа шыққан.

«Егемен Қазақстан», «Айқын» гезеттерінд бірге жұмыс істеген әріптес інісі болған Нұртөре Жүсіп те өз естелігін айтты.

Сатира саласында Көпен Әмірбектің орны да, аты да, еңбегі де ерекше. 2000 жылдары сайлауға Көпен ағада қатысқан. Жолы болмай, өтпеді. Сол жағдайдан кейін бір күні кездесіп қалдық. Өзіңіздің үніңізді танытып, сатира саласында емін-еркін жүре бермейсіз бе деп жұбату сөздерін айтқан едім. Содан кейін ««Көпен келе жатыр!..» деген жоба басталып кетті. Сол атпен міне халыққа жатталып қалды. Айқын газетінде «Ара» атауымен арнайы номер жазылып келе жатыр. Бұл да Көпен ағаға көрсетілген құрмет деп білеміз,- деді Нұртөре Жүсіп.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған