Коронавирустың «Эрис» штаммына қарсы жаңа вакцина қыркүйекте жасалып бітеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
BioNTech және «Модерна» концерндері екпені нарыққа шығаруға дайын. Бірақ бұл үшін барлық тиісті рұқсат қағаздарын алу қажет. Вакциналар бір реттік дозамен беріледі.
Германиядағы дәрігерлер екпені жасы 60-тан асқан қариялар мен олардың туыстарына қабылдауға кеңес береді.
Әлемнің 51 елінде «Эрис» штаммын жұқтырғандар саны 17 пайызға жеткен. Бір ай бұрын ғана бұл көрсеткіш 7-ақ пайыз еді. Мамандар аталған мутацияны жұқпалы, бірақ аса қауіпті емес деп отыр.