Среда, 27 ноября, 2024

Күдебаевтың қашып кетуі, мемлекетке қарсы «заговор» – Ерлан Саиров

Мәжіліс депутаты атағы дардай генералдың қашып кетуіне ІІМ, шекара қызметі өкілдерінің қатысы бар деп есептейді. Бұл туралы Ерлан Саиров өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуі, «ескі Қазақстанның» мемлекетке қарсы заговоры! Мұндай «тұтқиыл қашуды» ІІМ, шекара қызметі өкілдерінсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл эксцесс жіті тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылып, Серік Күдербаев Қазақстанға экстрадиция жасалуға тиіс», – деп жазды халық қалаулысы.

Сонымен қатар ол бұл мәселе Мәжіліс депутаттарының бақылауында болатынын мәлімдеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған