Четверг, 28 ноября, 2024

«Курстарға барған жоқпын». Корей дәрігері қазақ тілін жетік меңгеріп алған

Корей ұлтының өкілі Вячеслав Ли қазақ тілін жетік біледі. Нефрологтың айтуынша, мемлекеттік тілді білу оған науқастармен ғана емес, достарымен де қарым-қатынас жасауға көмектеседі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

10 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер қазақ тілін үйренуге көп күш жұмсамағанын, тәжірибе жеткілікті болғанын жеткізді.

«Қазақ тілінде қалай сөйлей бастағаным есімде жоқ, ешқашан курстарға барған жоқпын. Мектепте және университетте орыс тілінде оқыдым. Бірақ науқастармен әрдайым қазақ тілінде сөйлесемін, сол көмектесті деп ойлаймын. Қазақстанда тұрсаңыз, онда қазақ тілін білуге міндеттісіз», — деді Вячеслав Ли.

Вячеслав аурухана ұжымында да құрметке ие. Әріптестері ол туралы жұмысқа жауапкершілікпен қарайтынын, әрқашан жақсы көңіл күйде жүретінін айтады.

«Вячеслав — жақсы дәрігер. Ол біздің ауруханада трансплантацияның дамуына ерекше назар аударады. Вячеслав ешқашан жұмысқа кешікпейді және өз міндеттерін құлшына орындайды», — дейді дәрігер Болатбек Өтебеков.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған