Лара Фабианның концертіне билет алған қазақстандықтар 5 миллион теңгеге алданып қалған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Еуразия бірінші арнасы таратқан мәлімет бойынша, ондаған қазақстандық әлемдік деңгейдегі әншінің концертіне бару үшін 5 миллионнан астам ақша жұмсаған. Дегенмен кешке қатыса алмады, ақшасынан да айырылды.
Алданғандар әлемдік жұлдыздың концерті елордамызда өтетінін осы жылдың басында әлеуметтік желі арқылы білген. Ал наурыз айында олар концерт өтпейтіні туралы хабарлама алған.