Четверг, 28 ноября, 2024

Ақтөбеде анасы мен баласы өз пәтерінен өлі табылды

Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен баласы өлі табылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Диапазон мәліметінше, 8-ықшамаудандағы көпқабатты үйде тұрғындар жағымсыз иісті сезіп, полицияға хабарласқан.

Полиция пәтерді ашып, ішінен екі мәйітті тапты.

«23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді»,-деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.

Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды, ол ауырып, жалғыз тұрған, ұлы анасына барған.

«Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті»,- деді көршілер.

Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояудың іздері тұр, саусақ іздерін алған болуы керек. Ал көршілер осы пәтерде толықтай дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған