Среда, 27 ноября, 2024

LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды – Жеңіс Қасымбек

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

БАҚ өкілдері әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады.

«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысанды құрылысын әрі қарай сала береді», — деді әкім.

Сондай-ақ, ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін атап өтті.

«Нысанның жылжымалы құрамына (вагондарды – ред.) да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», — деді Жеңіс Қасымбек.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған