Қаржы мониторингі агенттігі LV FORCE атты қаржы пирамидасын құрған және басқарған әйелге қатысты соталды тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
2018 жылдан бастап Е.Е. Лишко Степногорскіде жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан пайда көру мақсатында LV FORCE компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржы пирамидасын ұйымдастырған.
Осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асқан.
«Сот Е. Лишконы кінәлі деп танып, тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.