Алматыдағы Әлем чемпионатының ашылу салтанатында турнирді ұйымдастырушылар атақты шахматшы Магнус Карлсенге шапан жапты, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және басқалар қатысты. Іс-шара барысында әлемге әйгілі шахматшы Магнус Карлсенге ұйымдастырушылар шапан кигізді.
Алматыдағы турнирде Магнус Карлсеннен бөлек, вице-чемпион Фабиано Каруана, фишер шахматтан әлем чемпионы Хикару Накамура, әлем вице-чемпионы Ян Непомнящий және тағы басқа көптеген танымал шахматшылар өнер көрсетеді.
Қазақстан намысын Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қорғайды.