Өткен жылдың соңында Каспий теңізінде итбалықтар қырылғаны белгілі. Және бұл құбылыс Қазақстан аумағында ғана байқалған. Зерттеу жүргізген мамандар тіршілік иелерінің қырылу себебін анықтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
2022 жылғы 7 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кезеңде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында рейдтік іс-шаралар барысында 172 өлі итбалықтың ұшасы табылды. Зерттеу нәтижелерін ҚР ЭТРМ Балық комитеті әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.
«ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті итбалықтардың өлу себептерін анықтау үшін түрлі ғылыми ұйымдарды: «Гидробиология және экология институты» мекемесі, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі» ЖШС, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар: Маңғыстау облысының Экология департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерімен тиісті жұмыстар жүргізді», -делінген ақпаратта.
Сараптама нәтижелері бойынша ғылыми ұйымдар мен құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын Жұмыс тобы 2022 жылғы қарашада табылған каспий итбалықтарының көптеген дарақтардың қырылуының негізгі себебі — теңіздің қазақстандық бөлігінде жануарлардың күзгі шоғырлануы кезеңінде, аралас тұмау және морбилливирустық инфекцияның өршуі нәтижесінде вируспен байланысты пневмония деген қорытындыға келді.
«Теңіз жануарларының иммунотоксикалық элементтермен және қосылыстармен созылмалы улануы олардың иммунитетінің төмендеуіне және ағзаның жалпы төзімділігіне байланысты жұқпалы ауруларға сезімталдығының жоғарылауына ықпал етеді.
Осылайша, 2022 жылдың қарашасында табылған каспий итбалықтарының қырылуы иммунитеттің әлсіреуінен туындаған вирустық инфекциялардың өршуінен пайда болған пневмония. Иммунитеттің төмендеу себебінің бірі — жануарлардың тіршілік ету ортасының ластануы», — делінген ҚР ЭТРМ Балық комитетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.