Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындар Қазақстанда сирек кездесетін жануар – итаюды видеоға түсіріп алды, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлер сирек кездесетін жануарды жақыннан түсіріп алған. Ол кенеттен келіп қалған адамдарға тісін көрсетіп, айбат шегіп, қашуға асыққан.
Қазақстанда итаю ашық далада өте сирек кездеседі. Біздің елімізде жануар алғаш рет 1983 жылы байқалған. Ғалымдардың айтуынша, республикада тек ондаған бас итаю бар.