Маңғыстау облыстық қуыршақ театры халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде үздік атанды. Бұл туралы облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «КУКАРТ-2023» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтіп жатыр.
«Фестивальға Маңғыстау облыстық қуыршақ театры қатысып, режиссер Надежда Насырованың «Бабалар жері» спектаклін сахналады. Қорытындысы бойынша өңірдің қуыршақ театры «Отан туралы үздік спектакль» номинациясын жеңіп алды», — делінген баспасөз мәліметінде.
Айта кетейік, өнер додасына әлемнің түкпір-түкпірінен 60-тан астам театр қатысты.