Четверг, 28 ноября, 2024

Маңғыстау облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

2023 жылдың 5 тамыз күні «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлері Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесіп, Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылындағы жергілікті тұрғынның сақтауға тыйым салынған жануарларды үйінде ұстағаны анықталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Тұрғын үйді тінту барысында ауладағы «Toyota Sequie» маркалы автокөліктің артқы жүк салғышынан Қызыл кітапқа енгізілген, жойылып кету қауіпі бар 17 дана қарақұйрыққа ұқсас жануарлардың ұшасы табылған.

«Көліктің артқы жүк салғышынан 1-дана қарақұйрыққа ұқсас жануардың сойылған еті, 1-дана аңшы мылтығы, 66-дана 12 калибрлі, 37-дана 7,62 санды калибрлы оқ-дәрілер, 1-дана балта, 4-дана ас үй пышағы, 1-дана пышақ, 7-дана қуаттағыш батерейкалар заттай дәлелдеме ретінде алынды», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған