Четверг, 28 ноября, 2024

Мақсат Толықбай «Қазақстан халқына» қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Отырыста қамқоршылық кеңестің мүшелігіне Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белгілі тележүргізуші және журналист Мақсат Толықбай сайланды.

Мақсат Толықбай «Халық сүйіктісі – 2020», «Адал тұлға – 2021», сондай-ақ «Үздік тележүргізуші-2016, 2019» байқауларының жеңімпазы.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Хабар» телеарнасында «Біздің мақсат» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған