Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Семей орманы» резерватындағы өрттің шығуы нұсқаларын атады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Тергеу жүріп жатыр, өртті қасақана қойды деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері бар, тергеуді көрейік. Өрттің шығуына немқұрайлылық танытқан немесе найзағай түсуі мүмкін деген де нұсқа бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеуге 2 ай уақыт берілді», — деді Марат Ахметжанов.
Ол «Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіле ме» деген сұраққа да жауап берді.
«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісі — бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақытылы шара қолданбады? Мүмкін, немқұрайлылық. Қызметтік міндеттерін орындамау», — деді министр.