Астана қалалық мәслихатының депутаты Гүлжамал Жапарова елордада қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беруді ұсынды, деп зхабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Алдыңғы сессияда Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көше беру туралы айтқан болатынмын. Сіз (қалалық Мәслихаттың төрағасы Ерлан Қаналимов – авт.) айтып кеткендей, Мәдениет және спорт министрлігінің жауабы бойынша ол тарихи тұлғалардың тізіміне кірмейді. Тоқтар Әубәкіровтің атына лайықты көшенің атын беру бойынша министрлікке ұсыныс жасасақ қайтеді?», — деді ол.
Мәслихат депутатының сөзінше, Тоқтар Әубәкіровтің есімі қырқыншы стансадағы қысқа көшеге берілген.
«Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көзі тірі адамдардың есімі көше атауларына берілмейді. Адам бұл өмірден өткеніне 5 жылдан соң ғана оған көше атауын беру мәселесі қарастырылады. Оған (Тоқтар Әубәкіров – авт.) көшенің атауы бұрын берілген. Бұл мәселені көтеріп, оның атындағы көшені қырқыншы стансадан орталыққа ауыстыру мәселесін қарастырайық», — деп жауап берді қалалық Мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов.