Четверг, 28 ноября, 2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заң жобасын жұмысқа алды

Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытындыны жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Аталған заң жобалары Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленді. «Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 кодекс пен 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы жобаларды жұмысқа алуға дайын», — деді Аймағамбетов.

Осылайша, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мен «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жұмысқа алды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған