Среда, 27 ноября, 2024

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссия отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де барлық өңірде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды, — деді ОСК мүшесі.

ОСК партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысуға барлық 7 саяси партияны жіберді.

Парламент Мәжілісінде 98 депутат болады. Олардың 69-ы партиялық тізімдер бойынша, ал 29-ы бірмандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады. Кандидаттарды ұсыну бойынша құжаттар ОСК-ға саяси партиялардан және және округтік сайлау комиссиясына бірмандаттық аумақтық округтерден ұсынылды, — деп айтты Петров ОСК отырысында.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған