Бүгін Парламент Мәжілісінде қаңтар оқиғасына қатысты Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Атап айтқанда, былтыр қаңтарда полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар көрмеге жеткізілген. Бұл қару-жарақтың барлығы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардан тәркіленген болатын.
Көрмеде полицейлердің зақымдалған каскалары мен басқа да жабдықтары көпшілік назарына ұсынылған.
Сонымен қатар былтыр қаңтар оқиғасы барысында ел аумағында тоналған нысандар, қираған ғимараттар, өртенген көліктер және басқа да нысандар бойынша арнайы фотосурет көрмесі де ұйымдастырылды.
Көрмеге оқиға кезінде ұрланған 170-ке жуық қарулар қойылған.