VIII сайланған Мәжілістің алғашқы жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Конституцияның 51-бабының 6-тармағына сәйкес, Парламент депутаттары салтанатты түрде ант береді. Мәжіліс төрағасы сайланғанға дейін, төрағалықты ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы атқарады. Соған сәйкес, ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа сайланған депутаттардан ант қабылдады.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», — деп ант берді жаңа депутаттар.