Среда, 27 ноября, 2024

Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Мәжілістің жалпы отырысының ашылуында Ерлан Қошанов 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай отырысты бір минут үнсіздікпен бастауды ұсынды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Нәубет жылдары – ұлт тарихындағы қасіретке толы ең ауыр кезеңдердің бірі. Біз сол жылдары құрбан болған боздақтарымызға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық», — деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған