Алматыда «Медеу» мұз айдынының маңындағы паркингіде операторды ауыстыру жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында паркингіде ескі жабдықтарды заманауи жабдықтарға ауыстыру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Осыған байланысты қазіргі уақытта паркинг аумағында тұрақ ақысы алынбайды.
«2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап жабдықтар ауысқан соң, тұрақтың құны өзгерместен паркинг өз жұмысын штаттық режимде қайта бастайды»,-деп хабарлады «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі.